Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Азат Перуашев өзі 15 жыл бойы басқарған Ақ жол партиясының төрағасы қызметінен бас тартты

14:55, 13 маусым 2026

Азат Перуашев партия төрағалығынан кетті, деп жазды Alash.kz.

Азат Перуашев өзі 15 жыл бойы басқарған Ақ жол партиясының төрағасы қызметінен бас тартты.

Бұл туралы партияның кезекті съезінде белгілі болды. Съезд барысында Азат Перуашев өз орнына Дәния Еспаеваның кандидатурасын ұсынды.

Қазіргі уақытта съезд қатысушылары сөз сөйлеп, ұсынылған кандидатураны қолдап жатқандығы хабарланды.

Азат Перуашев «Ақ жол» партиясын 2011 жылдан бері басқарып келді. Осы уақыт ішінде партия Қазақстанның саяси өміріндегі белсенді күштердің бірі ретінде танылып, бірнеше сайлау науқанына қатысты.

Дәния Еспаева бұған дейін Мәжіліс депутаты ретінде қызмет атқарып, 2019 жылы Қазақстан тарихындағы президенттік сайлауға қатысқан алғашқы әйел кандидат ретінде танылған болатын.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар