Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Өмірімде бұлай қорланбаған шығармын". Әнші Әбдіжаппар Әлқожа өзінің "қатты өкініп, қатты жылағанын" жеткізді

15:50, 13 маусым 2026

Танымал әнші Әбдіжаппар Әлқожа журналист Аман Тасығанға берген сұхбатында өміріндегі ең ауыр сәттердің бірі туралы айтып берді, деп жазды Alash.kz.

Өнер иесінің сөзінше, ол ешқашан атақ немесе мансап үшін ықпалды адамдарға жағымпазданбаған.

«Ешқандай ағаның артына кіріп, атақ үшін, мансап үшін жағымпазданған кезім болмады. Соған қуанамын», – деді әнші.

Әбдіжаппар Әлқожа бір концерт ұйымдастыру кезінде қаражат жетіспей, таныс ағаларының бірінен қарыз сұрауға мәжбүр болғанын еске алды. Оның айтуынша, бұл жағдай өзіне ауыр тиген.

«Бір рет бір жағдай болды. Концерт өткізуіме біраз ақша жетпей, танитын көкемізден барып, қарызға ақша сұрадым. Өмірімде бұлай қорланбаған шығармын. Менің әрі кетсе бір тойда табатын ақшам ғой ол сома», – деді ол.

Әншінің айтуынша, қолдау сұрағанымен, өтініші қабылданбаған.

«Қатты өкіндім. Қатты жыладым. “Е, Алла, кешірші мені, адамға мұқтаж болғаным үшін кешірші мені” деп қатты жыладым», – деп еске алды өнер иесі.

Ол осы оқиғадан кейін ешкімнен көмек сұрамауға және өз күшіне ғана сенуге тырысқанын айтты.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар