Қазақстанның Халық әртісі, актер Досхан Жолжақсынов Қыз Жібектің костюмі төңірегіндегі дауға қатысты пікір білдірді, деп жазады Alash.kz.
Досхан Жолжақсынов Жанар Байсемізге берген сұхбатында Меруерт Өтекешева мен Қыз Жібектің камзолына арқылы пиар жасап жатқанын деп ашық айтты:
Қыз Жібек киген камзол жоғалмағанда Қыз Жібекті де еске алмас еді. Қыз Жібекті төбемізге көтеріп, тәж етсек, оның киімі де - сондай! Ол Шәкен Аймановтың музейіне тапсырылуы керек. Сонда тұруы керек. Не болмаса, біздің Орталық музейімізге тапсырылуы керек. Міне, осындай дүниелерді ойлайсың да, ақұрасың! Сол желбір-жекендерге керек болып тұр ғой мұның барлығы. Пиар жасап жатыр. Енді, айына пәленбай ақша төлейтін болып жатыр. Әрине, дұрыс болды. Меруертке «Қазақстанның Халық әртісі» атағын бергені дұрыс болды. Өйткені, бұл қалай болғанда да тарихта қалған Қыз Жібек. Ал, оның барлығы пиар үшін. Солақай жарнама. Әйтеуір, өздері - мәз! Қарағым да келмейді. Ойлағым да келмейді!