Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Бейбіт күн бүгінгідей тым жақын болған емес". АҚШ пен Иранға қатысты тың мәлімет тарады

09:57, 13 маусым 2026

АҚШ пен Иран бейбіт келісім мәтінін келісіп қойғаны туралы ақпарат тарады, деп жазды Alash.kz.

Бұл туралы Пәкістанның премьер-министрі Миан Мұхаммад Шахбаз Шариф X әлеуметтік желісіндегі парақшасында мәлімдеді.

«Бейбіт келісімнің түпкілікті келісілген мәтіні дайын екенін растай аламыз. Қазіргі уақытта Пәкістан екі тараппен де тығыз жұмыс істеп, алдағы қадамдарды айқындап жатыр. Бейбітшілік бүгінгідей жақын болған емес», – деп жазды ол.

Әзірге АҚШ пен Иран билігі бұл ақпаратқа қатысты ресми мәлімдеме жасаған жоқ. Сондықтан келісімнің мазмұны мен оның қашан күшіне енетіні туралы нақты деректер жарияланған жоқ.

Егер бұл ақпарат расталса, онда соңғы айларда шиеленіскен АҚШ–Иран қарым-қатынасын реттеу жолындағы маңызды қадамдардың бірі болмақ.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар