Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Бір стақандай қан аққан". Белгілі журналист жатақханадан табылған 12 жасар оқушы қазасына қатысты тың мәлімет хабарлады

12:15, 13 маусым 2026

Журналист Руслан Өтепбай 12 жастағы баланың қазасына қатысты журналистік зерттеу жүргізіп жатқанын мәлімдеді, деп жазды Alash.kz.

Оның айтуынша, жасөспірім көрші ауданда орналасқан жатақханада көз жұмған. Зерттеу барысында журналист қайғылы оқиға болған жерге барып, жатақхана тұрғындары мен куәгерлерден сұхбат алған.

«12 жасар бала көрші ауданда орналасқан жатақханада жан тапсырған. Журналистік зерттеу аясында қанды қылмыс орын алған жерге барып, тұрғандармен сұхбаттастым», – деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.

Қазіргі уақытта оқиғаның нақты мән-жайы мен құқық қорғау органдарының ресми қорытындысы жарияланған жоқ. Тергеу нәтижелері белгілі болғаннан кейін ғана баланың өліміне қатысты толық ақпарат нақтылануы мүмкін.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар