Парламент Мәжілісінің депутаты Ерлан Саиров бүгін өткен «Аманат» партиясының XXVII съезінде қабылданған шешімге қатысты өз пікірін білдірді, деп хабарлайды Alash.kz.
XXVII съезде «Аманат» партиясы жаңадан құрылған «Әділет» партиясына қосылатыны белгілі болды.
Депутат Ерлан Саиров бұл жөнінде былай деді:
«Аманат» партиясының «Әділет» партиясына қосылуы – ол Нұрсұлтан Назарбаевтың саяси жүйесімен толық қоштасу. 1 шілдеден бастап, Қазақстан жаңа саяси дәуірге енеді. «Аманат» партиясы үш жылдың ішінде жақсы жұмыс істеді. Халықтың алдындағы өзінің міндеттерін орындады. Бірақ, «Аманаттың» артында Назарбаевтың құлағы шығып тұрады. Сондықтан, «Аманат» партиясы «Әділет» партиясына қосылу жөнінде шешім қабылдады. Бұл шешім жаңа дәуірге байланысты Нұрсұлтан Назарбаевтың саяси жүйесінен толық арылу деп есептеймін!