Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Дания Еспаева «Ақ жол» партиясының төрағасы болып сайланды

15:53, 13 маусым 2026

Дәния Еспаева «Ақ жол» партиясының жаңа төрайымы болып сайланды. Оның кандидатурасын партия мүшелерінің басым бөлігі қолдады, деп жазды Alash.kz.

Осылайша, Мәжіліс төрағасының орынбасары қызметін атқарып жүрген Дәния Еспаева Қазақстандағы саяси партияны басқарған алғашқы әйел төраға атанды.

Бұған дейін партияны 15 жылға жуық уақыт бойы Азат Перуашев басқарған болатын. Партия съезінде ол төрағалық қызметтен кететінін мәлімдеп, өз орнына Дәния Еспаеваның кандидатурасын ұсынған еді.

Дәния Еспаева – тәжірибелі саясаткер. Ол 2019 жылғы президент сайлауына қатысып, Қазақстан тарихында президенттікке кандидат болған алғашқы әйел ретінде ел саяси өмірінде ерекше орын алды.

Партия съезінің қорытындысы бойынша делегаттар оның кандидатурасын қолдап, «Ақ жол» партиясының жаңа басшысы етіп сайлады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар