Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Шынымен де ұрыс алаңында жеңіске жеттік". Иран өкіметі Американы жығып, "сұрапыл соғыста" жеңіске жеткенін мәлімдеді

11:02, 13 маусым 2026

Иранның Сыртқы істер министрі Аббас Арагчи елдің АҚШ-пен болған қақтығыста жеңіске жеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды  Alash.kz.

Оның айтуынша, Вашингтон Иран қарулы күштері мен халқының табанды қарсылығына тап болған.

«Соғысты аяқтаудың ең қолайлы уақыты – артықшылық өз қолыңда тұрған сәт. Біз шынымен де ұрыс алаңында жеңіске жеттік», – деді Аббас Арагчи.

Министрдің сөзінше, Иран өз мүддесін қорғап, қарсы тараптың қысымына төтеп бере алған.

Айта кетейік, бұған дейін Пәкістан билігі АҚШ пен Иран арасында бейбіт келісімнің мәтіні келісілгенін хабарлаған болатын. Сондай-ақ тараптардың өзара түсіністік туралы меморандумға қол қоюға жақын екені айтылған.

Дегенмен әзірге АҚШ тарапы Иранның «жеңіс» туралы мәлімдемесіне ресми жауап берген жоқ. Сарапшылар мұндай мәлімдемелердің көбіне ішкі саяси аудиторияға бағытталатынын және қақтығыстың нақты нәтижесіне қатысты бағалар әр тарапта әртүрлі болуы мүмкін екенін атап өтуде.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар