Иранның бұрынғы рухани жетекшісі Али Хаменеи 9 шілде күні жерленеді. Бұл туралы елдің мемлекеттік телеарналары хабарлады.
Мәліметке сәйкес, қаралы рәсім 4 шілдеде Тегеран қаласында басталып, бес күнге созылады. Жерлеу рәсімі 9 шілдеде Мешхед қаласында өтпек.
Иран билігінің мәліметінше, Али Хаменеи 2026 жылғы 28 ақпанда АҚШ пен Израильдің соққылары салдарынан қаза тапқан. Осыған байланысты елде бірнеше ай бойы аза тұту шаралары ұйымдастырылып келеді.
Бұған дейін қауіпсіздік мәселелері мен ұйымдастыру жұмыстарына байланысты жерлеу рәсімі бірнеше рет кейінге шегерілгені хабарланған.