Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қазақстанда азық-түлік пен тауар бағасы ең қымбат өңірлер анықталды

16:52, 18 қараша 2025 75

Қазақстанда азық-түлік пен тұрмыстық тауарлардың қымбаттауы жалғасып жатыр. Ұлттық банктің жаңа есебіне сәйкес, 2024 жылдың қазан айында жылдық инфляция 12,6% болды. Бұл көрсеткіш қыркүйектегі 12,9%-дан төмендегенімен, бірнеше өңірде баға керісінше өсіп кеткен, деп хабарлайды Alash.kz.

Ресми мәліметке сүйенсек, инфляция 10 өңірде баяулаған, ал 6 өңірде жеделдеген, тағы 4 аймақта өзгеріссіз қалған.

Ең үлкен өсім азық-түлік бағасында байқалады. Қазанда олардың жылдық қымбаттауы 13,5%-ға жетті.

Ұлытау облысы көш бастап тұр. Мұнда азық-түлік құны 16,7%-ға көтерілген.

Ал, ең төменгі көрсеткіш Алматы қаласында тіркелді – 10,4%.

Азық-түлік емес тауарлар да арзандаған жоқ: олардың бағасы жылдық есепте 11,0%-ға өскен (қыркүйекте – 10,8%).

Экономистер жылдың соңына дейін инфляцияның бірқалыпты деңгейде сақталуы мүмкін екенін айтады, алайда өңірлер арасындағы айырмашылықтар баға саясатының әлі де тұрақсыз екенін көрсетеді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар