2026 жылғы қыркүйекте айлық инфляция тамыз айындағы деңгейде сақталып, 0,6% құрады, деп хабарлайды Alash.kz.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, ай ішінде көкөністер мен азық-түлік өнімдерінің жекелеген түрлерінің бағасы төмендеді. Атап айтқанда, пияздың бағасы 20,7%, лимон – 13,9%, сәбіз – 13,6%, картоп – 13,4%, баклажан – 11,2%, қырыққабат – 10,1%, тәтті бұрыш – 6,5%, алма – 5,3%, алмұрт – 2,4%, сарымсақ – 1,3%, банан – 0,7% төмендеді. Сондай-ақ балалар тағамына арналған ботқалардың бағасы 6,1% және құмшекердің бағасы 1,3%, төмендеді.
Азық-түлікке жатпайтын тауарлардың ішінде қол кремінің бағасы 6,9%, балалар жаялықтары – 6,6%, теледидар – 5,6%, ыдыс жуатын машиналар мен қысқа толқынды пештер – 1,8%, душқа арналған гель – 1,4% төмендеді.
2026 жылғы қыркүйекте жылдық мәндегі инфляция 9,3% құрады (2026 жылғы тамызда – 9,8%). Азық-түлікке жатпайтын тауарлардың бағасы 11,0%, ақылы қызметтер – 8,9%, азық-түлік тауарлары – 8,5% өсті.
2025 жылғы қыркүйекпен салыстырғанда жеміс-көкөніс өнімдерінің жекелеген түрлерінің бағасының төмендеуі жалғасты. Атап айтқанда, алманың бағасы 11,1%, лимон – 8,3%, қызылша – 6,9%, қырыққабат – 6,1%, банан – 5,6%, тәтті бұрыш – 3,9% төмендеді.
Азық-түлікке жатпайтын тауарлардың ішінде 2025 жылғы қыркүйекпен салыстырғанда автомобильдердің бағасы 11,3%, электр жылытқыштар – 9,1%, кондиционерлер – 8,7%, электр еттартқыштар – 5,6%, балалар конструкторлары – 2,6%, медициналық маскалар – 1,7% төмендеді.
Инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну бағалары индексінің көрсеткіші ай сайын есептеледі. Бақылау барлығы 537 позиция бойынша тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің тарифтері мен бағаларына жүргізіледі. Инфляция бойынша динамикалық өзгерістерді 2018 жылдан бастап көрсеткіштер қамтылған арнайы әзірленген интерактивті дашбордтан көруге болады.
Анықтама үшін:
2026 жылғы қаңтардан бастап тұтыну бағалары индексін есептеу кезінде азық-түлік тауарларының үлесі 41,1%-ды, азық-түлікке жатпайтын тауарлардың үлесі 28,4%-ды, ақылы қызметтердің үлесі 30,5%-ды құрайды.
Қазақстанда азық-түлік арзандады: Қай өнімдердің бағасы төмендеді?
Ақтөбеде жол апатынан қаза тапқан дәрігердің артынан 21 жастағы ұлы өмірден өтті
17:05, 24 қараша 2026
«Қаза болған қарулас бауырларымның отбасылары… Құран бағыштадым» – Бекет Қуандық (ВИДЕО)
16:42, 24 қараша 2026
«Жоғарғы соттың деректер базасы тарап кеткен бе?»: ҰҚК тексерісті бастады (ВИДЕО)
16:29, 24 қараша 2026
Мәдениет және ақпарат вице-министрі болған Айбек Сыдықов жаңа қызметке тағайындалды
16:11, 24 қараша 2026
«Педагог-ассистенттерге 40% қосымша ақы қалай есептеледі?»: Министрлік жауап берді
15:16, 24 қараша 2026
«Атысты тоқтатты»: Трамп Ресей мен Украина арасындағы ахуал туралы тың мәлімдеме жасады
14:55, 24 қараша 2026
Қазақстан 2027 жылдың соңына қарай 3G-ден толығымен бас тартады – Жаслан Мәдиев
14:00, 24 қараша 2026
«Педогогтерге қолдау!»: Жұлдыз Сүлейменова ұстаздарға қуанышты хабарды жеткізді (ВИДЕО)
10:49, 24 қараша 2026
Қаралы хабар: Қазақтың тұңғыш антропологы, академик Оразақ Смағұлов өмірден озды (ФОТО)
09:25, 24 қараша 2026