Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қазақстанда ақылы жолдардың бағасы көтеріледі

08:30, 15 ақпан 2024 272
ҚР Көлік министрі Марат Қарабав Қазақстанда ақылы жолдардың бағасы көтерілетінін мәлімдеді.

Оның айтуынша, тариф бағасы 11 жылдан бері өзгермеген.
Тарифті ұлғайту жоспарда бар. Неге екенін түсіндірейін. Тариф 2013 жылдан бері он бір жыл бойы өзгерген жоқ. Былтыр 20%-ке көтерілді. Сосын біздің тарифті басқа елдермен салыстырыңыздаршы. Егер Қазақстанда 1 теңге 20 тиын болса, Ресейде теңгеге шаққанда – 7 теңге, - дейді Қарабаев сенатта өткен жиыннан соң.


Оның айтуынша, ҚазАвтоЖол жол сапасын одан әрі жақсарту үшін, ақылы жолдардың тарифі көтерілуі керек.





"Ал сіздер жолды салық төлеушілер есебінен емес, ҚазАвтоЖол бюджетінен күтіп ұстағанды қалайсыздар. Сол себепті жалғыз жол – ақылы жолдардың тарифін көтеру", - деп түсіндірді көлік министрі.




Алайда, министр жолдардың бағасы тым жоғары болмайтынын айтты.





"Кейбіреулері екі-үш есеге өсірейік деп жатыр. Бірден айтамын, тариф екі-үш есеге көтерілмейді, бірақ белгілі бір пайызға қымбаттайтыны анық. Біздің мамандар жолды күтіп ұстауға қанша қаражат қажет, соны ескеріп есептейді. Қосымша 1 100 техника сатып алу керек", - деді ведомство басшысы.




Министрдің сөзінше, ақылы жолдардың тарифін көтеру мәселесі қоғам талқысына шығарылады. Талқылауды наурыз айынан бастау жоспарланып отыр.



Фото: Baq.kz
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар