Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қазақстан туризмі Димаштың әнімен дами ма? (Видео)

20:08, 28 қараша 2024 315

Әнші Димаш Құдайберген Қазақстанның туризмін дамыту үшін «Киелі мекен» әніне бейнеклип түсірді, деп хабарлайды Alash.KZ. 

Әннің клипі Қазақстанның ең көрікті, қасиетті жерлерінде түсірілді. Видеодан Шарын шатқалын, Көлсай көлдерін, Ақмешіт үңгірін, Әзірет-Сұлтан тарихи музейін, Бозжыра шатқалы, сол сияқты Бурабай, Қатонқарағай, Алтын-Емел, Жоңғар-Алатау ұлттық саябақтарын көруге болады.

«Достар, ерекше ықыласпен және зор қуанышпен «Киелі мекен» әніме түсірілген бейнебаянды ұсынамын. Жаңа музыкалық жұмыс Отанымның таңғажайып көркемдігіне арналған!

Бейнебаянда біз Қазақстанның бірегей табиғи ландшафттары мен бай мәдениетін паш етуге тырыстық.

Мен Қазақстан әлемнің түкпір-түкпіріндегі туристердің тартылатын орталығына айналатынына сенімдімін», - деп жазды Димаш Құдайберген Instagram парақшасында.

Сондай-ақ әнші Дубайда халықаралық DIAFA сыйлығымен марапатталды. Distinctive International Arab Festivals Awards (DIAFA) атты  халықаралық сыйлығымен марапатталғаны туралы әнші Instagram парақшасында жазды.

«Өнерге қосқан үлесі үшін DIAFA сыйлығына рахмет. Рахмет, Дубай, рахмет, DIAFA» деп жазды ол ұйымдастырушыларға және қала тұрғындарына алғысын білдіріп. 

DIAFA сыйлығы жыл сайын Дубайда беріледі. Ол қоғам өмірін жақсартуға қосқан үлесі мен жетістіктері үшін айырықша тұлғалар мен ұйымдарға табысталады. Салтанатты рәсім әлемдік деңгейдегі жұлдыздардың басын қосып, олардың халықаралық аренадағы беделін көрсетеді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар