Қазақстан Адам дамуының индексі (HDI) бойынша әлемде 60-орынға тұрақтап, ТМД мен Орталық Азия елдері арасында көш бастады, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы Ranking.kz сараптамасына сілтеме жасап.
Бұл рейтингке 193 мемлекет енгізілген және оны түзу барысында халықтың өмір сүру ұзақтығы, білімнің қолжетімділігі мен табыс деңгейі басты назарға алынды. Зерттеу нәтижесінде Қазақстанда күтілетін өмір сүру ұзақтығы 74,4 жасты құраса, оқытудың орташа ұзақтығы 12,5 жылға жетіп, еліміз адам дамуының деңгейі өте жоғары мемлекеттер қатарынан көрінді.
Өңірлік рейтингте Қазақстан Ресей, Беларусь және Армения сияқты көршілес елдерді артқа тастап, бірінші орынға шықты. Соңғы онжылдықтар бедерінде еліміздің бұл бағыттағы көрсеткіші 21 пайыздан астам өсім көрсетіп, 2023 жылы барлық бақылау тарихындағы ең рекордтық мәнге жетті.
