Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қазақстан спортшылары Париж Олимпиадасының алғашқы жүлдесін қанжығалады

15:17, 27 шілде 2024 514

Пневматикалық винтовкамен 10 метрден нысана көздеуден Қазақстан-1 командасы Париж Олимпиадасының алғашқы жүлдесін делегация қоржынына салды, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеп.

Алғаш рет олимпия ойындарына қатысып тұрған Ислам Сатпаев пен Александр Ле жұбы Германия құрамасынан (Анна Янсен, Максимилиан Ульбрих) басым түсті. 

Айта кетейік, біздің мергендер ертеректе іріктеуде 630.1 ұпай жинаған. Ислам мен Александра дуэті - былтыр Ханчжоуда өткен жазғы Азия ойындарының қола жүлдегері. 

Олимпиадада қола жүлде жеңіп алған қазақ спортшылары, сондай-ақ олардың бапкерлері мемлекеттен 75 мың АҚШ долларынан алады. Ал алтын үшін 250 мың, күміске 250 мың доллар қарастырылған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар