Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қазақстан Ресейге санкцияларды айналып өтуге көмектесіп жатқан жоқ па? – СІМ жауап берді

08:21, 14 наурыз 2023 323
 


Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров батыс басылымдарындағы «Қазақстан Ресейге санкцияларды айналып өтуге көмектесіп жатқан жоқ па?» деген мәселеге пікір білдірді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

СІМ-де өткен брифигте журналист «Батыс басылымдары Ресейге сатуға санкция салынған гаджет, микрочип сияқты тауарлардың Қазақстан арқылы тасымалдануы күрт көбейгенін хабарлады. Бұл басылымдар «Қазақстан Ресейге санкцияларды айналып өтуге көмектесіп жатқан жоқ па?» деп сұрады...» –  деді ресми өкілге.

Айбек Смадияров СІМ-ге ресми хабарлама түспегенін атап өтті.
 

Қазақстан мен АҚШ арасында арнайы комиссия бар. Оны сауда және интеграция министрлігі жүргізеді. Егер бір қазақстандық компания Ресейдің бір компаниясымен келіссөз өткізіп немесе келісімшартқа қол қою жоспарланып жатса, сол комиссия алдын ала ақпарат береді. «Бұл келісімшартқа қол қоюдың керегі жоқ. Өйткені санкцияға ұшырайсыздар» деп алдын ала мәлімет береді. Сондықтан бүгінде Қазақстанның бірде-бір компаниясы санкцияға ұшыраған жоқ. Өйткені біз бұл мәселе бойынша тиянақты жұмыс жүргізіп жатырмыз, - деді ол.

 

Сондай-ақ ресми өкіл мәліметтер тексерілетінін жеткізді.

«Енді біз басылымдардың мәліметін батыс әріптестерімізбен бірге тексереміз. Бүгінде не Еуропадан, не АҚШ-тан қандай да бір ресми түрде ондай хабарлама келіп түспеді», - деді Айбек Смадияров.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар