Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қазақстан құрамасы волейболдан Азия чемпионатында Аустралияны жеңді

17:51, 24 тамыз 2026

Волейболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Қытайдың Тяньцзинь қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатындағы екінші матчын өткізді, деп хабарлайды Alash.kz.

ҰОҚ мәліметінше, ұлттық құрама бұл кездесуде Аустралия командасымен ойнап, 3:0 (25:21, 25:18, 25:21) есебімен жеңіске жетті.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы алғашқы матчында Индонезияға 0:3 есебімен есе жіберген еді.

Қазақстандық волейболшылар келесі ойынын 25 тамызда Таиланд құрамасына қарсы өткізеді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар