Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қазақстан - орыс тілді мемлекет болған соң өзіме қолайлы көрдім - Ресейлік жаттықтырушы

23:36, 06 маусым 2024 1682

Ресейлік жаттықтырушы Станислав Черчесов Қазақстан құрамасын басқару туралы шешімін түсіндірді. Бұл туралы Alash.kz ұлттық порталы Sports.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

— Неге дәл Қазақстанның ұсынысы сізге қызықты болып көрінді?


— Қайдан келген ұсыныстар екенін айтпай-ақ қояйын. Бірақ мен қайтадан шетелдік ортада жұмыс істегім келмеді. Еш қарсылығым жоқ. Алайда екі жыл Венгрияда жұмыс істедім, онда ағылшын, неміс тілдерінде сөйлесу керек болды. Орыс тілді ортада жұмыс істегім келді. Мен Ресейге жұмыс істеуге келдім. Бірақ Қазақстан – орыс тілді ел, біз КСРО-да өстік – мен үшін бірдей.

Мен құрамалар институтының не екенін білемін. Иә, ұсыныс болған кезде әрқашан күмәндар болады. Бірақ федерация президенті Адилет Назарбаевұлымен (Барменқұлов) сөйлескеннен кейін күмән жойылды. Президент маған бәрін нақты түсіндірді. Бәрі кәсіби және нақты келісіммен орнықты. Екі сағат ішінде біз бәрін талқылап,келісімге келдік. Магомед Мусаевич Әдиевпен сөйлестім",- деді ол.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар