Қазақстанда оқушыларға өте көп пән оқытылады. Бұл туралы сенат депутаты Алтынбек Нухұлы мәлімдеді.
Оның айтуынша,дамыған Оңтүстік Корея,Жапония, Канада, Финляндия мемлекеттерінде мектепте көп пән оқытылмайды.
Жоғарыда айтылған елдерде 4-6 пән оқытса, Қазақстанда 16 пән оқытылатынын тілге тиек етті.
«Қазақстанда оқушыларға тақырып бойынша шамадан тыс көлемді ақпарат беріледі және оқулықтардың тілі ауыр әрі ғылыми сипатта болады. Ал озық елдердің бірі – Ұлыбританияда, керісінше, ақпарат көлемді емес, тақырыптар күнделікті өмірдегі жағдаймен байланыстырылып оқытылады», - дейді Алтынбек Нухұлы.