Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қазақстан жалпы медальдар кестесінде 29-орында келеді

10:00, 05 тамыз 2024 478

Ал, жалпы медальдар саны бойынша АҚШ құрамасы көш басына шықты. 

Парижде өтіп жатқан Олимпиада ойындарында Қазақстан құрамасы жалпы медальдар кестесінде 29-орында келеді, деп хабарлайды Alash.KZ сайты Inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

Жалпы медальдар кестесі бойынша Қазақстан құрамасы 1 алтын, 1 күміс, 2 қола медальмен 29-орынға жайғасты. Көш басына АҚШ құрамасы шықты. Олардың еншісінде 19 алтын, 26 күміс, 26 қола медаль бар. 

Ал екінші орында Қытай құрамасы келе жатыр. Олардың еншісінде де 19 алтын, 15 күміс, 11 қола медаль бар. Ал үздік үштікті 12 алтын, 14 күміс, 18 қола жүлдемен Олимпиада қожайындары Франция құрамасы түйіндеп тұр.

Бүгін Париж Олимпиадасында 1 мемлекеттің қоржынына алғашқы жүлделері түсті. Осылайша медаль алған елдер саны 61-ге жетті.

Естеріңізге сала кетсек, Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан XXXIII жазғы Олимпиада ойындары 11 тамызда мәресіне жетеді. Ойындарға әлемнің 205 елінен 10 500 спортшы қатысып жатыр. Олимпиадашылар 32 спорт түрінен 329 медаль жиынтығын сарапқа салып жатыр. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?