Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Қазақстан Халықаралық банктен қарыз алады»: Қаржы қайда жұмсалмақ? (ВИДЕО)

17:26, 17 қыркүйек 2026

Құрылтайда «2027–2029 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасының таныстырылымы өтті, деп хабарлайды Alash.kz. 

Жиында баяндама жасаған Қаржы вице-министрі Абзал Бейсенбекұлы еліміздің алдағы үш жылға арналған негізгі қаржылық құжатының параметрлерін таныстырды.

«2027–2029 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасында 2027 жылы кірістер 25,4 трлн теңге, шығыстар 30,2 трлн теңге, ал тапшылық 4,6 трлн теңге деңгейінде болжанып отыр. Қаржының басым бөлігі адами капиталды дамытуға, әлеуметтік қамсыздандыруға және өңірлерді қолдауға бағытталады. Сонымен қатар, бюджетті тиімді басқару мақсатында мемлекеттік органдардың 6,7 трлн теңгеге жуық негізсіз әрі басымдығы төмен сұраныстары бюджетке енгізілмей оңтайландырылатын айтты. 

Құрылтай брифингінде Alash.kz тілшісінің сұрағына жауап берген Қаржы вице-министрі Абзал Бейсенбекұлы Халықаралық қайта құру және дамыту банкінің (ХҚДБ/МБРР) қарызы есебінен қаржыландырудың экономикалық тиімділігі мен өзектілігіне тоқталды.

«Цифрлық даму министрлігінің өтінімі бойынша ұйымдастырылған. Жасанды интеллект бойынша алдымызда көптеген міндеттер тұр. Осы келісім аясында көптеген білікті мамандар даярланады. Бірлесіп жұмыс істеу мүмкіндігіне ие болады. Алдымызда Цифрлық Қазақстанды құру тұрғандықтан, бұл келісімді өз тарапымыздан дұрыс деп санаймыз» - деді вице-министр.

Сондай-ақ, Абзал Бейсенбекұлы өз баяндамасында жоба ақпараттық технологиялар қызметтерінің өнімділігі мен экспортын өсірудің негізгі технологиясы ретінде жасанды интеллектке бағдарланғанын айтты. Бұл бізге жыл сайын 6,5 мың маман даярлауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Қазір Келісім ратификациялау процесінде.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар