Танымал журналист Жанар Байсеміз итальяндық азаматқа тұрмысқа шыққанын сынағандарға қарата жауап берді, деп жазды Alash.kz.
Журналистің сөзінше, тұрмысқа шыққан кезде оны “Қазақстан азаматтығынан шығару керек” деген сөздер айтылған.
- Оны қарапайым адамдар емес, журналистер айтқан. Мен шетел азаматына тұрмысқа шығамын деп ойлаған жоқпын. Ондай жоспарымда болған жоқ. Менен 20 жыл бұрын сұхбат алса, мүлде басқаша жауап берер едім. Қыздарға “шетел азаматына күйеуге шығыңдар” деп насихаттағым келмейді. Әлеуметтік желіде де ондай насихат жүргізбеймін. Мен дәл қазіргі жағдайымда адамды ұлтқа, дінге бөлмеймін. Мен тұрмысқа шыққанда өте көп сын айтылды. Әлі күнге дейін маған адамдар “қызғанамыз, өзіміздің ұлтымызға шыққаныңда ғой” деп жазады. Ондай нәрселер жазылмауы керек деп ойлаймын. Қалай бар, солай қабылдауы керек. Мен сонда отбасымды бұзып, қазаққа шығуым керек пе? Қисынға келмейді, дейді журналист сұхбатында.
Айта кетейік, Жанар Байсеміз елде танымал журналист. Еңбек жолын 1997 жылдан бастаған. Бірнеше бағдарламаның авторы. Оның шетелге сатылған қазақ балалары туралы бағдармаласы өте кең тараған.
“Қазақстан азаматтығынан шығару керек” - Жанар Байсеміз шетелдікке тұрмысқа шыққаны үшін өзін сынағандарға жауап берді
Ерлан Қарин: Радикализмді насихаттайтын кез келген әрекетке қатаң тосқауыл қою керек
13:25, 01 қараша 2026
«3 алтын, 5 күміс, 2 қола»: Қазақстан садақ атудан Азия кубогын он медальмен аяқтады
11:20, 01 қараша 2026
«Осы клоунды беріңіздер! Түкіргенім бар…»: Данияр Елеусінов тосын мәлімдеме жасады
22:27, 31 қазан 2026
«Әділдік орнайды»: Айдос Сарым байлардың салықты көп төлеуіне қатысты пікір білдірді
18:31, 31 қазан 2026
«Сот ғимаратының алдында өзін өртеп жіберген»: Оқиға туралы күтпеген дерек шықты
17:32, 31 қазан 2026
«Бюджет қаражатының жұмсалуын бақылайтын мемлекеттік комиссия құру қажет» – Тоқаев
12:56, 31 қазан 2026
«Қандай жұмысқа тартылды?»: Перизат Қайраттың колониядағы өмірі туралы белгілі болды
10:48, 31 қазан 2026