Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қазақстан азаматтары Кореяда қалай жұмыс істей алады?

12:04, 21 маусым 2024 522

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова қазақстандықтар Корея Республикасында заңды түрде жұмыс істеу үшін арнайы құжатты әзірлегенін айтты, - деп хабарлайды Alash.kz Massaget.kz сайтына сілтеп.

Министр бүгінде құжатты оңтүстіккореялық тарап қарастырып жатқанын жеткізді.

"Министрлік жобаны әзірледі. Осылайша, ол мемлекеттік органдармен келісіліп, Сыртқы істер министрлігі арқылы оңтүстіккореялық тарапқа келісу үшін жіберілді. Қазір меморандум Оңтүстік Кореяның Әділет министрлігінде қаралып жатыр. Жобаны Оңтүстік Корея тарапы мақұлданғаннан кейін оны одан әрі ілгерілетіп, жалғастырамыз", - деді Светлана Жакупова Парламент палаталарының бірлескен отырысының алдында БАҚ өкілдеріне.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар