Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасовтың сөзінше, республикалық бюджеттен асыраушысынан айырылған отбасыға айына шамамен 138 мың теңге, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан – 357 мың теңге көмек көрсетілмек деп хабарлайды Alash.kz.
Бұдан бөлек, 5 млн теңге шамасында бір реттік көмек алады.
Azerbaijan Airlines әуекомпаниясы апаттан зардап шеккендерге 20 мың манат (6 млн теңгеден астам), қаза болғандардың отбасына 40 мың манат (12 млн теңгеден астам) шамасында өтемақы төлемек.