Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қазақша сөйлемейтін ұйым. Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл толады

15:19, 04 қаңтар 2025 460

2025 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл толады. Осы мерейтойлық датаға орай 150-ден астам іс-шара ұйымдастырылады деп күтіліп отыр, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

Қазақстан мен шет мемлекеттерде өтетін бұл іс-шаралар кемінде 1,5 млн адамды қамтиды деп көзделіп отыр.

Қазақстан халқы Ассамблеясы — 1995 жылдың 1 наурызында Қазақстан Республикасы президентінің жарлығымен құрылған мемлекет басшысы жанындағы консультативті-кеңесші орган.

2008 жылдың 20 қазанында Қазақстан Республикасының "Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы" Заңына қол қойылды. Осы заң этносаралық қатынастар саласындағы негізгі принциптерді айқындай отырып, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен оның құрылымдарының мәртебесін заң деңгейінде бекітті.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар