Ұлытау облысының Жаңаарқа ауданындағы "Қазақмыс" корпорациясының "Жомарт" кенішінде қаза тапқан кеншілерге қатысты тың мәлімет шықты. Қаза тапқандар өзге өңірлерден келіп жұмыс істеп жүрген, деп хабарлайды Alash.kz Ulysmedia.kz сайтына сілтеп.
Ұлысмедиа тілшісі анықтаған мәлімет бойынша, жеті кеншінің біреуі Түркістаннан, екіншісі Қарағандыдан. Қалғаны Ұлытау, Сәтбаев және Жезқазған тумалары.
Еске салайық, бұған дейін кейінгі 15 жылда «Қазақмыс» кәсіпорындарында қанша қызметкер қаза тапқанын жазған едік.