Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қазақконцерт пен Жамбыл филармониясына академиялық мәртебе берілді

07:16, 13 желтоқсан 2023 322
Үкімет Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы мен Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясына «академиялық» мәртебе берді, деп хабарлайды alash.kz тілшісі.
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы» және «Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарына «Академиялық» мәртебе берілді», – деп жазды Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева.

Академиялық мәртебе өнер ордасы қызметкерлерінің жалақысын реттеуге мүмкіндік береді.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің түсіндірме жазбасына сәйкес, қос өнер ордасы да классикалық музыка өнері саласында жетекші болып табылатын, ұлттық мәдениеті мен өнерін қалыптастыруға, дамытуға және насихаттауға елеулі үлес қосып келе жатқан мекемелер.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар