Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қазақфильм былығы: Мемлекеттен 300 миллион теңге бөлінген фильм 7 мың теңге пайда тапқан

12:31, 22 маусым 2024 820

Мемлекеттен 300 миллион теңге бөлінген фильм 7 мың теңге пайда тапқан. Бұл туралы сенатор Бекболат Орынбеков баяндады, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

«Осыдан бөлек қаражатты пайдаланудың тиімсіздігі, оның ішінде көпжылдан бері келе жатқан отандық кинематография саласында үлкен проблемалар бар. 2016-2022 жылдары кезеңінде «Қазақфильмге» кино шығаруға және прокаттауға 14,5 млрд теңге бөлінгенімен оның 4,8 пайызы ғана ақталды», - деді ол Парламент палаталарының бірлескен отырысында.

Сөзінің сылдыр су болмас үшін ол дәлелдермен сөйледі.

«Аруақ» фильміне 300 миллион теңге жұмсалса, табысы 7 мың теңге ғана түскен. «Композитор» фильміне 1,2 миллиард теңге бағытталса, оның табысы 400 мың теңге болды. Ұлттық киноны мемлекеттің қолдауы орталығы бойынша 2019-2023 жылдары бюджеті 6,7 миллиард теңге, ал прокат соммасы 1,1 миллиард теңге. Өкінішке қарай осындай мысалдар өте көп. Сондықтан мемлекеттің аудиторлардың есептері ескерілмейді деген күмән бар» - деді сенатор.

 

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар