Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Қазақ үшін жанымды беруге дайынмын". Қазақ тіліне қарсы шыққаны хабарланған Нұралы Әліп тосын мәлімдеме жасады

16:14, 07 қыркүйек 2024 1432

Қазақстан құрамасының Норвегиямен өткен ойынынан кейін «Зенит» пен ұлттық құрама қорғаушысы Нұралы Әліп жанкүйерлерге алғыс айтты. Сонымен қатар, ағынан жарылып, қазақ тіліне еш қарсылығы жоқ екенін жеткізді, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы.

Нұралы Әліп журналист Нұрсұлтан Құрманға да жауап бергені жайлы  b1rinshibol парақшасы жазды. 

«Қазақ елі, қолдауларыңызға рахмет! Осы орайда тағы бір мәселені айтқым келеді, соңғы берген сұхбатымды бұрыс түсінгендерге мына жайтты түсіндіргім келеді: мен қазақ тіліне қарсымын немесе сөйлемеу керек деген жоқпын, ондай ойым да болған жоқ. Өзім бір адамға (Нұрсұлтанға – авт.) келген қонаққа қонақжайлылығыңды көрсету керек деп айтқанмын. Бірақ ол адам мені дұрыс түсінбей, қазақ тіліне қарсымын деп ойлап, өз пікірін айтып, мені түсінбеді. Ұзын сөздің қысқасы, мен де өздерің сияқты қазақ үшін жанын беруге дайын қазақтың қарадомалақ баласымын. Қазақты қазақ көтерер, біз – біргеміз, биік іргеміз», - деп жазды Әліп әлеуметтік желідегі парақшасында.

Қазақстан құрамасының Норвегиямен өткен ойынынан соң «Зенит» пен ұлттық құрама қорғаушысы Нұралы Әліп жанкүйерлерге алғыс айтып қана қоймай, журналист Нұрсұлтан Құрманға да жауап берді.

«Қазақ елі, қолдауларыңызға рахмет! Осы орайда тағы бір мәселені айтқым келеді, соңғы берген сұхбатымды бұрыс түсінгендерге мына жайтты түсіндіргім келеді: мен қазақ тіліне қарсымын немесе сөйлемеу керек деген жоқпын, ондай ойым да болған жоқ. Өзім бір адамға (Нұрсұлтанға – авт.) келген қонаққа қонақжайлылығыңды көрсету керек деп айтқанмын. Бірақ ол адам мені дұрыс түсінбей, қазақ тіліне қарсымын деп ойлап, өз пікірін айтып, мені түсінбеді. Ұзын сөздің қысқасы, мен де өздерің сияқты қазақ үшін жанын беруге дайын қазақтың қарадомалақ баласымын. Қазақты қазақ көтерер, біз – біргеміз, биік іргеміз», - деп жазды Әліп әлеуметтік желідегі парақшасында.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар