Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қазақ тілінің жанашыры, белгілі ғалым Асылы Осман II дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды (ФОТО)

20:02, 13 тамыз 2026

Алматының құрметті азаматы, белгілі ғалым және қоғам қайраткері, ҚР Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі Асылы Әлиқызы Осман II дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды, деп хабарлайды Alash.kz Алматы қаласының әкімдігіне сілтеме жасап. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен берілген жоғары мемлекеттік награданы Президенттің атынан Алматы әкімі Дархан Сатыбалды табыстады.

Асылы Осман Мемлекеттік тіл қауымдастығын басқарады және ұзақ жыл бойы қазақ тілін дамытуға және дәріптеуге, ұлттық құндылықтарды насихаттауға, қоғамдық келісімді нығайтуға атсалысып келеді. Ол 200-ден астам ғылыми және аударма мақаланың авторы.

Мемлекет басшысы оның мемлекеттік тілді дамытуға, тұрақтылықты сақтауға және қоғам бірлігін нығайтуға қосқан үлесіне жоғары баға берді.

Дархан Сатыбалды Асылы Османның Алматының қоғамдық және мәдени өміріндегі ерекше рөлін атап өтті. Белсенді қызметі үшін оған бұған дейін Алматы қаласының құрметті азаматы атағы берілген. Сондай-ақ, ол II дәрежелі «Достық» және «Парасат» ордендерімен марапатталған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар