Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қазақ тілін келемеждеген Черчесов көлемді айыппұл төлейтін болды

19:44, 16 қазан 2024 531

Мемлекеттік тілді мазақтамақ болған Черчесов 738 400 теңге айыппұл төлейді. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясының басшысы Әділет Бәрменқұлов мәлімдеді, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы. 

 

"Қателіктер бар, біз бұл туралы кеше ғана журналистермен сөйлестік. Черчесовтың әзілі, әрине, шектен шықты. Мен онымен жеке сөйлестім, мемлекеттік тілдің өзектілігі мен маңызын түсіндірдім. Біз ол туралы Черчесовтің өзімен сөйлестік. Оған айыппұл салынды", - деді федерация басшысы Әділет Барменқұлов.

Федерация мәліметінше айыппұл соммасы  - 200 АЕК немесе 738 400 теңге.

Естеріңізде болса, бас бапкердің бассыздығы жазасын қалмайтынын  белгілі спорт журналисі, туған тіл жанашыры Аслан Қаженов мәлімдеп, былай деп жазды:

 
Жанайқайымыз министрлікке жетті...
 
Жаңа ғана еліміздегі спортқа жауапты ведмоство Станислав Черчесовтың мемлекеттік тілді мұқатқанын сынға алып, түсініктеме беруді талап етті. «Министрлік бұл жағдайға бей-жай қарамай, Қазақстан футбол федерациясына ресми хат жолдады. Ол жерде мемлекеттік тілдің мәртебесі Қазақстан Республикасының Конституциясы мен «Тіл туралы» Заңына сәйкес жоғары тұратыны және оған барлық азаматтың құрмет көрсетуі керектігі айтылған. Сонымен қатар федерациядан осы оқиғаға түсініктеме беру және Станислав Черчесовпен мемлекеттік тілге құрмет көрсету туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу талап етілді» - делінген.
 
«Біз мұндай жағдайлардың қайталанбауын қамтамасыз ету үшін федерация тарапынан тиісті шаралар қолданылуы керек деп санаймыз. Сондай-ақ Қазақстан футбол федерациясы Министрлікке бағынысты ұйым емес екенін, тиісінше оның ішкі мәселелеріне араласа алмайтынын, дегенмен Қазақстандағы спорт саясатын қалыптастырып, жүргізетін ведомство болғандықтан, түсініктеме талап етуге құқылы екенін қаперге саламыз. Осы жазба арқылы еліміздегі өзге федерацияларды да мемлекеттік рәміздерге, ұлттық құндылықтарға құрметпен қарауға және оларға қатысты орынсыз қалжыңның алдын алуға шақырамыз» - делінген министрлік таратқан жазбада… 
Бәрі қалай басталды?
 
Словения мен Қазақстан құрамасы арасындағы матчтан кейін журналистердің бірі бас бапкерге қазақ тілінде сұрақ қойған еді. Ал бапкер оның сұрағын келемеждеп жауап қатты.
 
Бұл жайлы депутат Мұрат Әбенов:
 
- Черчесов Қазақстанның мемлекеттік рәміздеріне құрметсіздік көрсетті. Жаңа Спорт Министірі байқамаған болып, үндемей жүре бере ме? - деп жазған еді. 
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар