Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қазақ тілі «мамбеттердің тілі»: Элина Лю 2 жылға сотталды (ВИДЕО)

16 сәуір 2024 687

Қазақ тілі «мамбеттердің тілі» деп атаған Алматы тұрғынына сот шешімі шықты. Бұл туралы Алматы қаласының полиция департаменті мәлімдеді. 

TikTok-та қазақ тілін қорлаған алматылық 21 жастағы Элина Лю есімді қыз 2 жылға сотталды.

Ол 2023 жылдың күзінде, аталған желідегі онлайн трансляцияда қазақ тілін ұнатпайтынын, ол мәмбеттер тілі екенін, мәмбеттердің кесірінен Абай көшесінде кептеліс болатынын айтқан. Кейіннен оның сөздері сараптамаға жіберіліп, үстінен із қозғаған.

Элина Лю желі қолданушысы ашуына тигенін айтып ақталды. Алайда ол екі жыл ең төменгі жазасын қауіпсіздік колониясында өтейтін болды. Ал баласы әжесіне беріледі.

Видео: Қазақ тілін қорлаған қыз 2 жылға сотталды 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?