Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Қазақ қыздарының оранбаған, құқығының ермен тең болғанын түсіндім". Шетелдіктер Көшпенділер ойыны жайлы не айтты?

09:36, 14 қыркүйек 2024 891

Қоғам белсендісі, солтүстік аймақты қазақыландыруды насихаттап жүрген Бурахан Дақан шетелдіктердің қазақ қыздарының қайсар болмысына таңдануын жайлы жалынды жазба жазды, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы.

Көшпенділер ойынына келген батыстың қатындары шеттерінен таң қалып жатыр.(Батыс дегенім Еуропа, Америка қатындары) Кеше біреуінің видеосын көріп қап едім:  Ол айтады, менің шығыс қыздары жайлы таным түсінігім мүлдем қате болыпты. Мен оларды матаға оранып жүретін, көмбіс әйелдер болған деп қана елестететінмін. Бірақ Көшпенділер ойынында, Қазақ қыздарының оранбағанын, құқығы ермен тең болғанын, керек болса қару алып ел қорғай алатын жауынгер де бола алатынын көрдім. Қысқасы Көшпенділер қоғамында әйелдің статусы ерлермен шамалас бопты деп жатыр. Қандай керемет ә? Айтпақшы, бұл ойында қыз қуу болған жоқпа, ол жерде қыздардың еркектерді қамшымен патыр пұтыр сабайтыны бар еді ғо, оны көргенде мына қатын тіптен шок болар ма еді?... Қысқасы, мына Көшпенділер ойынының өткені идеологиялық жағынан өте мөте дұрыс һәм өзіне кеткен ақшаны 100 пайыз ақтады деп есептеймін. Ұйымдастырушыларға рахмет! - деді ол.
 

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар