Әнші Жазира Байырбекова бір тойда қазақ қыздарының бақыты жайлы сөз сөйлеймін деп сынға қалды, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.
Egemenel.kz парақшасы әнші сөзін жариялады.
"Бұрын қазақтың қызы өзге ұлтқа тұрмысқа шықса, қатты қынжылатынмын. Ал қазір көзқарасым өзгерді. Қыздарымыздың бақытын бірінші орынға қоямын. Егер бақытты болса, басқа ұлтқа шыққанына да қуана қараймын", – деді әнші.
Алайда көпшілік бұл пікірді қолдай қойған жоқ.
"Ақша төлесе болды бұған", "бұлай айтуға болмайды", "дұрыс сөз емес", "бұл ашық насихаттау ма" деген сыни пікір қалдырды.