Парижде өтіп жатқан Олимпиада ойындарының 1/8 финалдық кезеңінде қазақтың бұрымды былғары қолғап шебері Назым Қызайбай бразилиялық Каролайн Барбоза де Алмейдамен кездесу өткізіп, жеңіске жетті, дп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы.
Шаршы алаңдағы тартысты кездесуде қазақ қызы бразилиялық қарсыласынан 5:0 есебімен басым түсіп, ширек финалға шықты.
Еске сала кетейік, Каролайн Барбоза де Алмейда 2023 жылы Чилиде өткен Панамерика ойындарында алтын медаль жеңіп алған. Назым Қызайбай ширек финалда 2016 жылғы Рио Олимпиадасының қола жүлдегері колумбиялық Ингрит Валенсиямен жұдырықтасады. Айта кетелік, бүгін, 1 тамызда қазақстандық боксшылар арасынан 92 кг дейінгі салмақ дәрежесінде Айбек Оралбай (сағат 20:54) мен 63,5 кг дейінгі салмақ дәрежесінде Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (сағат 00:20) шаршы алаңға шығады.