Айдос жеңілсе де, бәлкім, бұл оның лайықты күрестерінің бірі.
Жоламан мен Айдостың белдесуден кейін бір-біріне жылы алғыс айтып, қол алысқан сәтінің фотосы желіде қазірден тарап кетті.
Жоламанға қазір қырғыз халқы ғана емес, Қазақстан да жанкүйер. Себебі Шаршенбеков финалға шықса, Айдос Сұлтанғали қолаға таласпақ.