Африкалық жігітке тұрмысқа шыққан атыраулық қыз өз өміріндегі келеңсіз жайттар туралы баяндады. Бұл туралы ол Qazaq Airan You Tube арнасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Alash.kz.
«Күйеуге шығатынымды естіген кезде анам жұрт не дейді деді. Мен жұртқа тұрмысқа шығайын деп жатқан жоқпын. Менің өзімнің өмірім, өзімнің бақытым. Сондықтан өзім шешемін дедім. Анам келісті. Маған үйленуге ұсыныс жасағаннан кейін, әкем туыстарымызды жинап, қызым Африкаға кетейін деп жатыр, бірақ біз ештеңе демейміз. Бақытын сол жақтан тапты, осымен тақырып жабылды деді. Содан кейін туыстардың арасынан ешкім ештеңе деген жоқ. Бірақ, бастапқыда көшеде айқайлап кететіндер, боқауыз сөз айтатындар, шошқа, қазақ қараған жоқ, саптама етіктің астына алу керек, өлтіру керек, аттың құйрығына байлап сүйреу керек, баласын құдыққа тастау керек дегендер көп болды. Біреулер көпке дейін біз жиналып жатырмыз, барамыз, айырып кетеміз деп жазып жүрді. Осындай дүниелерді көбіне ер адамдар жазды. Әйелдер алқаш болса да қазақ болсын, таяқ жесем, өз қазағымнан таяқ жейін, қазақ табылмады ма деп жазатын», — дейді Зайда Онуоро.
Қара нәсілді азаматқа тұрмысқа шыққан тағы бір қазақ қызы да өз оқиғасымен бөлісті.