Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Қазақ өнеріне бергенің де, берерің де көп". Сәкен Майғазиев сүйінші сұрап, Мейрамбек Баспаев туралы қуанышты хабарды жеткізді

09:38, 23 мамыр 2026

Мейрамбек Беспаев «Парасат» орденімен марапатталды. Бұл туралы әнші Сәкен Майғазиев әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды Аlash.kz.

22 мамыр күні Алматы қаласында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған жарлыққа сәйкес мәдениет саласының бірқатар өкілі мемлекеттік наградалармен марапатталды. Салтанатты рәсімде марапаттарды Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева табыстады.

Сәкен Майғазиев әріптесі әрі досы Мейрамбек Беспаевтің қазақ өнеріне қосқан үлесін атап өтіп, оған ақжарма тілегін арнады.

«Сүйінші, Қазақ елі! Мейрамбек досым “Парасат” орденімен марапатталды! Қазақ өнеріне бергенің де, берерің де көп. Абыройың асқақтай берсін», – деп жазды әнші.

Айта кетейік, «Парасат» ордені ғылым, мәдениет, әдебиет және өнер салаларында елеулі еңбек сіңірген азаматтарға табысталады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар