Бұл туралы түркиялық клуб әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
Абат Айымбетов Адана Демирспор командасымен 1,5+1 нұсқасы бойынша келісімшарт жасасты.
Демек, енді қазақстандық футболшы Түркияның командасында кемінде 1,5 жыл доп тебеді. Егер шабуылшының нәтижелері клуб басшылығының көңілінен шықса, келісімшартты тағы бір жылға созады.
Еске салсақ, Адана Демирспор» 2021/22 жылғы маусымнан бері Түркия суперлигасында ойын көрсетіп келеді. Түркия суперлигасының 23-турынан кейін команда 31 ұпаймен сегізінші орында келеді.
Фото: instagram.com/adskulubu