Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қазақ боксшылары нешінші орында?: Дүниежүзілік бокс кеңесі рейтингін жариялады

14:44, 22 қыркүйек 2026

Дүниежүзілік бокс кеңесі (WBC) 2026 жылдың қыркүйек айына арналған жаңартылған рейтингін жариялап, әлемдік тізімге Қазақстаннан жеті былғары қолғап шебері енді, деп хабарлайды Alash.kz.

Жаңа рейтингте отандық боксшылар арасындағы ең жоғары нәтижені орта салмақта тізімнің бірінші орнын сақтап қалған Мейірім Нұрсұлтанов көрсетті. Екінші орта салмақта өнер көрсететін Бек Нұрмағанбет бір саты жоғарылап 12-орынға жайғасса, екінші жеңіл салмақта Сұлтан Заурбек бір сатыға көтеріліп 16-орынға шықты. Осы салмақта Евгений Павлов 26-орынды, ал Бекман Сойлыбаев 38-сатыны иеленді. Жартылай ауыр салмақтағы Али Ахмедов 28-орындағы позициясын өзгеріссіз сақтап қалды.

Аталған рейтингтегі басты жаңалықтардың бірі – әуесқойлар арасында әлем чемпионы Санжар Тәшкенбайдың WBC тізіміне алғаш рет енуі болды. Тамыз айының соңында Астанада өткен жекпе-жекте кәсіпқой бокста дебют жасап, WBA Asia аймақтық белбеуін жеңіп алған ол бірінші ең жеңіл салмақта бірден 35-орынға тұрақтады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар