Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Қазақ боксіндегі "ескі қалдықтардан" құтылу оңай емес" - Боксшы Бақыт Сәрсекбаев

10:39, 14 тамыз 2024 634

Белгілі боксшы, аталмыш спорт түрінен Бейжің Олимпиадасының чемпионы Бақыт Сәрсекбаев өзін бас бапкерлікке ұсынып қолдағандар және қаралағандарға қатысты пікір білдіріп, тосын қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы. 

b1rinshibol парақшасы белгілі бокшсы, аталмыш спорт түрінен Бейжің Олимпиадасының чемпионы Бақыт Сәрсекбаевтың мәлімдемесі жайлы жазды.
 

Айта кетейік, Париж Олимпиадасында Қазақстан бокс құрамасы сәтсіз өнер көрсеткеннен кейін қоғамда бас бапкерді ауыстыруды талап еткендер көбейді. Осы сәтте жұрт түрлі кандидаттарды да ұсынып жатты. Олардың қатарында Бақыт Сәрсекбаев та бар. Олимпиада чемпионы қазіргі спорт шенеуніктері мен бокс федерациясының жұмысын қатаң сынға алып жатқан.

«Ағайын, мені қолдап, бокс басшылығына шақырып жатқандарыңызға көп рахмет! Бокс туралы жазсам біреудің орнын тартып алайын деп жатыр деп ойбайлайтын хейтерларыма да рахмет! Мен тоқтамаймын, жазамын, айтамын. Қазақ боксы басшысыз қалмас, Айтжанов кетсе Сәтжанов келер», - дейді Бақыт Сәрсекбаев.


Ол дәл қазір бокс тізгінін алуға кім келсе де, ол кісіге оңай болмасы анық деп отыр.

«Жаңа команда жасақтап, ескі қалдықтардан құтылу да оңай емес. Не де болса жаңа басшылыққа қажымас қайрат, үлкен сәттілік тілейік», - деді Олимпиада чемпионы.


Бақыт Сәрсекбаев 2008 жылы Пекин Олимпиадасында топ жарған. Қазіргі таңда ол шәкірт тәрбиелеумен айналысып жатыр.

Белгілі спорт журналисі Есей Жеңісұлы «Бірінші бол» YouTube-каналында болған подкастта Сәрсекбаевты Ұлттық құрамаға бас бапкер болуға жарамайды деп мәлімдеді. «Ол тіпті, облыс чемпионын шығарып көрмеген» деген еді журналист.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар