Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қазақ балуанының АҚШ-та көз жұмғанын туыстары кеш білген

20 наурыз 2024 456

Еркін күрестен жасөспірімдер Олимпиадасының чемпионы Мұхамбет Қуатбектің неден қаза тапқаны белгілі болды.

1bol.kz сайтының дерегінше, Мұхамбет 16 наурызда АҚШ-та жол апатынан қаза тапқан. Мұны марқұмның досы айтқан. Ал спортшының көз жұмғанын оның туыстары тек 19 наурызда біліпті.

«Мұхамбет бірнеше күн бұрын жол апатынан қайтыс болған. Ал оқиғаға нақты кімнің кінәлі екені белгісіз. Біз тек кеше естідік. Қазір оның мәйітін елге әкелу бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Бұйырса, 2-3 күнде елге жеткізіледі», – деді марқұмның досы Нұрболат Әбдіуәлиев.

Еске салсақ, бұған дейін қазақ еркін күрес балуаны, 2014 жылғы жасөспірімдер олимпиадасының жеңімпазы Мұхамбет Қуатбектің қазасы жайлы спорт журналисі Данияр Кәрімжан мәлімдеген еді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?