Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Си Цзиньпинге көңіл айтты, деп хабарлайды Alash.kz.
Президент Шигацзе қаласында болған жойқын жер сілкінісіне байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады.
Мемлекет басшысы Қазақстан халқының және өзінің атынан ҚХР төрағасы Си Цзиньпин мен жақындарынан айырылған отбасыларға, сондай-ақ достас қытай халқына көңіл айтты.
Дәл қазіргі уақытта жер сілкінісінен қаза болғандар саны 53-ке жетті.
Естеріңізге сала кетсек, бүгін Қытайдың Шигазце қаласында 9 баллға жуық жер сілкінісі орын алған еді.