Тибетте жер сілкінісі болып, кемінде 32 адам қаза тауып, тағы 38 адам жарақат алды, деп хабарлайды Alash.kz.
Бұл туралы Синьхуа агенттігі хабарлады.
Оңтүстік Қытайда магнитудасы 7,1 болған жер сілкінісі тіркелді. Агенттіктің мәліметінше, Қытай Халық Республикасының Тибет автономиялық округіндегі эпицентрге жақын жерде бірнеше ғимарат құлаған.
Бұл аймақ Непалмен шекаралас орналасқан.
Жер сілкінісінің дүмпулері Непалда, Үндістанда, Бутанда және Бангладеште де сезілді.