Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қайрат Боранбаев Ұлттық паралимпиада комитетінің президенті болып қайта сайланды

03 маусым 2024 314

Қайрат Боранбаев Ұлттық паралимпиада комитетінің президенті болып қайта сайланды. Оның кандидатурасы паралимпиадалық федерациялар өкілдерінің шешімімен бірауыздан бекітілді. Бұл туралы Alash.kz кәсіпкердің Instagram парақшасына сілтеме жасап хабарлады.

– Мен үшін бұл өте маңызды лауазым. Біз Қазақстанда паралимпиада қозғалысын дамыту жөніндегі ауқымды стратегиямызды іске асыру процесіндеміз. Кейінгі жылдары қол жеткізген барлық жетістіктерімізге қарамастан, бізде көп жоспар бар, соның арқасында Қазақстан параспорттаушыларды кәсіби түрде дайындай алатын, оларға жоғары көңіл бөлетін, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдарға қолдау көрсететін елдің беделін одан әрі нығайта түседі, - деп атап өтті Боранбаев.

Ол 2015 жылдан бастап Ұлттық паралимпиада комитетін басқарып келеді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?