Бір жыл бұрын Талғар қаласында 16 жасында кісі қолынан қаза тапқан Шерзат Полаттың отбасы жаңа үйге қоныстанды, деп хабарлайды Alash.kz.
Ақжолтай жаңалықты отбасының адвокаты Мейірман Шекеев өз парақшасында жария етті. Заңгер марқұм болған Шерзаттың анасының жүзінен қуаныш көргенін айтып, оны жақсылыққа балады. Шаңырақтарында қос қаза орын алған үйдің қауіпсіздігін еске салып, жаңа баспанаға тиісті шаралар қолдану керектігін жасырмады.
Қаржаубай отбасы халыққа алғысын білдірді.
Әуелі Алланың одан кейін Асқар, Асхат бауырларымыздың жомарттығының, Алматы облысы әкімдігінің қадағалап, жұмыла көрсеткен бірлігінің және қарапайым халықтың дұғасының арқасында Қаржаубай отбасына қуаныш сыйлай алдық деп ойлаймын. Қаржаубайдың бауыры Перизатқа да Алла разы болсын!
Гүлбарам ханымның жүзінен қуанышпен күлкі көру біз үшін сол күні бақыт болды!!!
Осы қуаныштың орнауына тілектес болған барлық адамдарға Қаржаубай отбасының және өз атымнан алғыс білдіремін.
Қазағымды бірлігінен айыртпасын!!!
Айтпақшы, қолдаушыларымыздың арасында бейнекамера сататын жомарт жандар бар ма? Маған енді бұл отбасының қауіпсіздігі маңызды.
Айта кетейік, жасөспірім өлімінен кейін Нұрымовтардың баспанасы белгісіз жағдайда өртке оранып, үйсіз қалған еді.