Белгілі музыкант Батырхан Шүкеновтің ұлы Мақсұт Шүкенов Еуразия Бірінші арнасына берген сұхбатында әкесі туралы жүрекжарды естеліктерімен бөлісті, деп хабарлайды Alash.kz.
Мақсұттың айтуынша, әйгілі әнші үйде сабырлы, мейірімді әрі рухани терең адам болған.
“Кейде қатты шаршап келетін. Үйге келген соң фортепианоға отырып, әдемі әуендер ойнайтын. Сол сәттер есімде мәңгі сақталып қалды. Әкем өте мейірімді, мықты адам еді”, – деді ол.
Қазір Мақсұт әкесінің жолын жалғап, музыка саласында еңбек етіп жүр. Ол Батырхан Шүкеновтің танымал туындыларының жаңаша аранжировкадағы нұсқалары енетін жаңа альбом дайындап жатқанын айтты.