Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Қаржаубайға жаза емес, психолог керек". Әнші Айқын Төлепберген пікір білдірді

19:47, 13 желтоқсан 2024 2203

Әнші Айқын Төлепберген Шерзаттың әкесі Қаржаубай Нұрымовқа қатысты пікір білдіріп, оған психолог маманның көмегі керегін айтты, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

Шерзаттың әкесі қылмыстық жауапкершілікке тартылғалы жатыр екен. Мейірімді болу керек, құрметті достар! Туған баласын өлтіріп кетті, кейін куәгер болған туған інісінен айырылды. Қатты ашынды, жолды жауды. Ол кісіні жауапқа тартудың қажеті жоқ, ол кісіге психолог маманның көмегі керек. Әпкесіне тіпті обал. Әпкесін неге қоныс аудартып жатыр? Өзі санымыз аз қазақпыз. Оны қандай желеумен қуып жатсыздар?! Түсінбеймін, - деді Айқын. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар