Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қарашы, бұл қазақтың баласы!: Дастан Сәтбаев “Челси” жанкүйерлерін ерекше таң қалдырды

10:00, 05 тамыз 2026

Англияның «Челси» клубы қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтбаевтың қатысуымен түсірілген жаңа бейнероликті жариялап, жанкүйерлердің назарын тағы да өзіне аударды, деп хабарлайды ALASH.KZ.

Бейнежазба клубтың ресми Instagram парақшасында жарияланды. Онда 17 жастағы футболшы матч алдындағы жаттығуға қатысып, допты шебер меңгергенін көрсетеді. Сәтбаев допты бірнеше рет жерге түсірмей қағып, жоғары техникасын паш етті.

Дастан Сәтбаев Қазақстанның ең талантты әрі болашағынан зор үміт күттіретін жас футболшыларының бірі саналады. Оның жетістіктерін отандық жанкүйерлермен қатар, шетелдік футбол мамандары да жіті бақылап, шабуылшыдан үлкен нәтиже күтуде.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар