Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қарақалпақстанда ұсталғандардың бір бөлігі наразылықтан кейін көрші облыстарға әкетілді

06:29, 06 шілде 2022 369
Қарақалпақстанда жаппай тәртіпсіздікке қатысы бар деген күдікпен ұсталғандардың бір бөлігі қазір Өзбекстанның Хорезм және Бұқара облыстарында тергеу изоляторында отыр.



Бұл жөнінде Азаттықтың Өзбек қызметіне хабарлаған Қарақалпақстан құқық қорғау органдарындағы дереккөзге сүйенген жергілікті журналист көрші облыстарға жеткізілген азаматтар наразылықты ұйымдастарды деген күдікке ілініп отырғанын айтты.

– 10-15 күнге қамалғандары Қарақалпақстанның өзінде қамауда жатыр, – деді жағдайдан хабары бар жергілікті журналист.

Осыған дейін Өзбекстан бас прокуратурасы Нөкістегі жаппай тәртіпсіздікке қатысты "Өзбекстан республикасының конституциялық құрылымына қол сұғу" және өзге баптар бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлаған.

Шілде айының басында Қарақалпақстан астанасы Нөкіс пен аймақтың өзге қалаларында жаппай наразылық тұтанып, тұрғындар Қарақалпақстанды егемен мәртебесінен айыратын Конституция жобасына қарсылық танытқан.

Наразылық күшпен басып-жаншылды. Президент Шавкат Мирзияев автономды республикада төтенше жағдай жариялады. Республикаға қосымша ұлттық гвардия күштері кіргізіліп, мобильді байланыс пен интернет өшірілді.

4 шілдеде Өзбекстан билігі 18 адам қаза болғанын, 516 адамның ұсталғанын хабарлады. Қаза болғандардың 14-і – бейбіт тұрғын, төртеуі құқық қорғау орган өкілі. Сол күні Өзбекстан парламенті Конституция жобасында Қарақалпақстанның егемен мәртебесін сақтау туралы шешім қабылдады.

4 шілдеде Еуроодақ Өзбекстанды "Қарақалпақстандағы күш көрсету оқиғаларын ашық әрі тәуелсіз зерттеуге" үндеді.

5 шілдеде халықаралық Amnesty International құқық қорғау ұйымы өзбек билігінен Нөкісте болған оқиғалардың жай-

жасырмай хабарлап, наразыларға күш қолдану фактілерін ашық, тәуелсіз, жан-жақты тергеуді, кінәлілерді әділ жазалауды талап еткен.


Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар